Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Пайғамбарымыз ﷺ ұсынған дертке дауа азық-түліктер

  • 365
  • 0
  • 26.01.17

Саңырауқұлақ

Пайғамбарымыз  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) саңырауқұлақ — көзге жақсы дәрі деген.  Сондай-ақ, саңырауқұлақ сал ауруына шалдыққандарға көмектеседі.

 Жүзім — Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жүзімді өте жақсы көрген, ол қанды тазартады, күш береді әрі денсаулықты нығайтады, бүйрек пен ішекті тазартады.

Құрма - Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) құрмасыз үй - асы жоқ үймен тең деп  айтқан және босану кезінде құрма жеуге кеңес берген.

 Інжір — бұл Жәннат жемісі әрі көтеу ауруын емдеуге болысады.

 Арпаны сорпаға қосып ішсе, безгек ауыруын басуға көмектеседі.

 Қарбызда 1000 қайыр мен  1000 рақым бар, ол туралы Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқан : «Аяғы ауыр кез-келген әйел қарбыз жесе, міндетті түрде көркем мінезді әрі келбетті сәби туады».

 Анар - Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анар 40 күннің ішінде шайтан мен арам ниеттен тазартады деген.

 Су — Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) су — осы және о дүниедегі ең жақсы сусын, шөлдегенде суды аздап, асықпай ішу керек, суды тез ішу бауыр ауыруына әкеліп соғады деген.

 Қане, бізді және біз үшін ас жаратқан Алла Тағалаға мадақ айтайық, сондай-ақ, осы ғажайып әрі пайдалы астарды Кімнің жаратқанын және оларды қалай дұрыс пайдалануын бізге айтып берген өзіміздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мадақ айтайықшы.  Бұл ақпарат біздің бәрімізге де пайдалы болсын, инша Алла!

Muftyat.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.