Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

МИ ҚАНТАМЫРЛАРЫН ТАЗАЛАУ ЖОЛДАРЫ

  • 311
  • 0
  • 16.01.17

Белсенді де қызықты өмір сүргісі келетін әрбір адам өзінің денсаулығын күтуі керек. Бүгін сіздерге мидағы қан тамырларды тазалаудың халық медицинасындағы ең жақсы жолдарын ұсынамыз.


Ми қантамырларын шөптердің тұнбасы арқылы тазалау

Мұндай тұнбалар арқылы ми қантамырлары созылмалы болады, бас айналуы мен құлақтағы шу кетеді, заталмасу жақсарады, организм тазарады.

Түймедақ, шайқурай, салаубас, қайың бүршіктерін ұсақтап, 100 грамнан араластыру керек. Жақсылап араластырған соң, 1 ас қасық шөпке жарты литр ыстық, қайнақ су құясыз. 20 минут қойып тұру қажет. Одан кейін тұнбаны сүзгіден өткізіп аласыз. Кешке жатар алдында тұнбаның жартысын стаканға құйып, оған 1 кіші қасық бал және пипеткамен 1 тамшы лавр майын (15 грамдық лавр майы дәріханада сатылады) тамызыңыз. Жатар алдында осы тұнбаны ішесіз. Одан кейін тамақ жеуге, су ішуге болмайды. болады. 

Таңертең қалған тұнбаны ыдысымен қоса ыстық суға салып, жылытып аласыз. Алдындағы рецепт бойынша жасап, тамақтану алдында 20 минут бұрын ішесіз. Осылайша лавр майы таусылғанша күнделікті қайталаңыз. 1-1,5 ай аралығында нәтижесі көрінеді. Тағы бір керемет рецепт – қарағай қылқандарымен емдеу. 

Бас ми тамырларын қарағай арқылы қайта қалпына келтіру

5 ас қасық қарағай қылқанына 2 ас қасық ұсақталған итмұрын жемісін, 2 ас қасық пияз қабығын қосып, үстіне 1 литр су құясыз. Оны қайнатып аласыз да, түні бойы бетін жауып, орап қалдырасыз. Бұл тұнбаны 0,5 литрден 1 литрге шейін күніге судың орнына ішесіз. Күнделікті норманы көбейтіп тұруға болады. Ішуге жағымды, ешқандай жаман дәмі жоқ.  

Қарағай қылқандарын ерінбей барып, осы қыс мезгілінде жинап алғаныңыз дұрыс. Тұнбаға керекті мөлшерді алған соң, қалғанын пакетке салып, балконға шығарып қойсаңыз болады.

Инсульт кезінде тұнбамен қатар күніне 2 лимонды қолданған жөн. Лимонның қабығын аршып, жартысын ұсақтап турайсыз. Оған қылқанды тұнбаны құйып, бір деммен іше салыңыз. Мұны тамақтың алдында 1 сағат бұрын немесе 1 сағат кейін ішіңіз. Лимон мен тұнбаны қосып  2-3 апта ішсеңіз, кейін 2-3 апта үзіліс аласыз да, қайта бастайсыз. Нәтижесі өте жақсы болады.   

Бас ми қантамырларын грек жаңғағы, мандарин және мейіз арқылы тазарту

Алдымен, бұл рецепті ұзақ, үзбей қолдануды талап ететінін айта кетейік. Күнде таңертең 1 мандарин, азғантай мейіз, 3 грек жаңғағын жеу керек. Шатастырмай, дәл осындай кезекпен жейсіз: мандарин, мейіз, жаңғақ! Оның көлемін де көбейтпейсіз. Бұдан кейін 20 минут бойы тамақ жеуге, ішуге болмайды. 20 минуттан соң су ішіп, таңғы асты жеуге болады. Өте дәмді рецепт. Осылайша 3 ай немесе жарты жыл тамақтанған жөн.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.