Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Пияз қабығының пайдасы

  • 483
  • 0
  • 06.01.17

Бәріміздің үйімізден пияздың табылары сөзсіз. Бірақ, біз оны 100%-ға пайдаланбаймыз. Неге дейсіз ғой, себебі, оның қабығын бәріміз лақтыра саламыз. Осы мақаладан кейін, олай істемейсіздер деп үміттенемін. Ал, онда, пияз қабығының пайдасы туралы маңызды ақпаратпен бөлісейін.

№1. Шашыңызға пайдалы

Пияз қабығын қайнатып, сол сумен шашыңызды жусаңыз, ол шашты жылтыратады. Сондай-ақ, оған жаңа бір реңк береді.

№2. Бронхитке қарсы ем

Пияздың қабынан қайнатылған тұнбаны бронхит, жөтел кезінде ішкен пайдалы. Сонымен қатар, оны компресс ретінде де қолданады. Ол үшін пияз қабығы салынған стаканға қайнақ су құясыз да, оны 15 минутқа қалдырасыз. Кейін, барлығын дәкеге салып, сығып, күніне үш рет жарты сағаттан мойныңызға басасыз.  

№3. Несеп шығару жолдары мен бүйрек ауруларына ем

Ұсақталған 3 шай қасық пияз қабығына 2 стакан қайнақ суды құйып, 30 минутқа қалдырып қоясыз. Оны күніне 3-4 рет 1 ас қасықтан ішіп тұрасыз. Өте жақсы әсер етеді.

№4. Стоматит кезінде

Бұл ауру кезінде ауыз қуысын пияз қабығының тұнбасымен шаю керек.

№5. Тері аурулары кезінде

Теріге шығатын түрлі безеулер, жаралар, тері аурулары кезінде оған 2:3 пропорциясымен жасалған ұсақталған пияз қабығын не вазелин, не майлы креммен араластырып жақсаңыз болғаны. Күніне 2 рет керекті жерге жағыңыз. Қалғанын суық жерде сақтауға кеңес береміз.

№6. Аяқтың ісінуі мен варикоз кезінде

Егер пияздың ұсақталған қабығын 2 ас қасық оливка майымен араластырып, 10 күнге қойып қойсаңыз, аяққа массаж жасауға табылмас емдік жақпа болады.

№7. Мұрын бітелуінен айықтырады

 Аллергиядан, не болмаса тұмаудан болатын мұрын бітелуіне де табылмас ем. Ол үшін қайнақ суға 4 ас қасық ұсақталған пияздың қабығын салып, оның буымен 3-5 минут демалған жөн. Лез демде мұрныңыз ашылады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.