Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Саққұлақ шешен: Алланың қалағаны болады деген осы

Сонау Ерейментаудан ат арытып, 86 жастағы Саққұлақтың өзі келгенде алдынан даяшы шығып, арнаулы үй тігеді.

Талай жыл Баянауыл ауданына аға сұлтан болған Мұса Шорманұлы 1885 жылы 66 жасында дүниеден өтеді. Сонымен қатар, Ерейментауда Қанжығалы Бөгенбай батырдың шөбересі Саққұлақ шешеннің баласы Нұралы қайтыс болады. Осыған байланысты екі жағы да бір-біріне көңіл айтысып, бата жасаса алмай жүреді. Ақыры Мұса мырзаның асына 86 жастағы Саққұлақтың өзі келгенде алдынан даяшы шығып, арнаулы үй тігеді. Аздан соң оған Мұсаның Сәдуақас, Біләл деген балалары сәлем беруге келеді. Сонда Саққұлақ орнынан тұрып, былай деген екен:

Атаң өлді барлықтан,

Көтердің оны нарлықтан.

Жеріміз шалғай болған соң,

Келе алмадық сондықтан.

Ей, Сәдуақас, Біләл!

Сөзіме құлағың сал.

Сендер атам-ай дейсің,

Мен ботам-ай деймін.

Жөн менікі еді,

Менің тойыма Мұса-жан келіп,

Мұса-жанның тойына,

Нұралы-жан келетін.

Жөні бар еді.

Пенденің сұрағаны болмай,

Алланың қалағаны болады деген осы

Шүкіршілік етіңдер,-

деп көңіл айтқан екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.