Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Аманатын бермей ме, сұрай келсе иесі

Байзақ батырдың он сегіздегі баласы Бекмолда Қоқан зекетшілерін аймақтан аластау шайқасында қаза тапқанда шығарған көңіл-айту – жұбатуында дәстүрлі сарынмен...

Байзақ батырдың он сегіздегі баласы Бекмолда Қоқан зекетшілерін аймақтан аластау шайқасында қаза тапқанда шығарған көңіл-айту – жұбатуында дәстүрлі сарынмен психологиялық егіздеу бейнелеулерінің метафоралық баламаларымен, символдық мегзеулерімен ел азаматтарының өмір мен өлім алмасқан заңдылығын мойындауға шақырады:

Аққу құсқа оқ тисе,
Қанатын суға тигізбес,
Ақсүйекке оқ тисе,
Көршісіне сездірмес.
Қас батырға оқ тисе,
Қара аспанды төндірмес.
Қас жаманға оқ тисе,
Басын жерден көтермес.
Ноқталы басқа бір өлім,
Ақыр бір күн келмей ме?
Ажалдың соқса дауылы,
Өмірдің шамы сөнбей ме?
Қанша күн сақтап тұрғанмен,
Сұрай келсе иесі
Аманатын бермей ме?
Ағадан шыққан дана сөз
Құлақ құрышын қандырар,
Атадан шыққан бата сөз,
Өлгеніңді тірілтіп
Өшкеніңді жандырар.
Дос көтерер көңілді,
Ер көтерер өлімді
Бекем бу, батыр, беліңді,
Мұңайтпа баққан еліңді
Ит жүгіртіп, құс салып
Жүйрік мін де, сұлу құш,
Алғын осы тілімді.

Дереккөзі: "Ана тілі" газеті

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.