Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Қабыр азабы болатыны шын ба?


Өліммен басталып, қайта тірілумен аяқталатын өмірді "қабыр әлемі" деп атаймыз. Біздің әһлі сүннәнің ақидасы бойынша, қабыр азабы - хақ. Бұл жайлы Құран Кәрімнің "Ибраһим" сүресі, 27-аятында:"Алла (Т.) сондай иман келтіргендерді, дүние тіршілігінде де, ақыретте де мықты сөзбен бекітеді. Алла залымдарды адастырады. Сондай-ақ Алла қалағанын істейді",-делінеді. Сонымен қатар, көптеген хадистерде бұл жайлы хабарлар мен ескертулер айтылған. Айталық мына бір хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с): "Қабір ақырет аялдамаларының алғашқысы. Бір адам егер сол аялдамадан құтылатын болса, кейінгі аялдамалардан жеңіл өтеді. Құтыла алмаса, кейінгілерінен өту тіпті қиын болады"(Тирмизи, "Зүһуд", 5),-деп, қабыр азабының бар екендігін меңзеген.

Сондықтан, қабір әлемінде адамның осы өмірдегі амалына байланысты рахат пен азаптың бар екендігі даусыз.

Найб имам: Мамлюк Мусаев

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.