Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Бақытбек Қадырұлы: Ақыл немесе Аһли-сүнна

  • 639
  • 0
  • 15.09.16

Иінтірес қоғамдық көліктің артқы орындығында отыр едім. Күн де тым ыстық болатын. Бір түсірілімнен келе жатқан бетім. Үстімде пиджак, терлеп отырмын. Кенет жанымадағы бос орындыққа денелі келген қауға сақалды жігіт әлде жігітағсы келіп жайғасты. Бірден әлгі көкем маған қарап кекесін кейіппен:

- Сүбһаналлаһ, сәл арырақ отырсаң. Күн шыжып тұр, үстің сасымайма?- деді. Мен де сөзден қалмай:

- Бәсе мынадай ыстық күнде салақұлаш сақалмен сізде сасыған шығарсыз -деп қалдым. Сақал тұрғанда адам нәпсісін тиюы оңайырақ болады екен. Әйел мен еркектің айырмасы ер адамның сақалы. Осы секілді сақалдың жақсы тұстарын тізді. Сосын отырып мен:

- Менің атамда сақалды болған. 94 жасында дүние салды. Бірақ ол кісі сіздің жасыңызда дәл мұндай сібірткі сақал қоймаған еді. Сіз қазір байқайсыз ба осында отырған біраз адам сізді көзімен атып отыр. Сізді ұнатпайды. Демек сіз бұл қоғамның көзіне шыққан сүйелсіз. Қоғамға ұнамауыңыз сіздің жолыңыздың дұрыс емес екенін көрсетпей ме?! Сүннет бойынша қойсаңыз сырт көзге ұнамды ғып жасыңызға қарай, сәл басып қоймадыңыз ба,-дедім. Көкемнің беті бүлкетпестен Адам жүрегіндегі иманың өлшемі иектегі сақалымен өлшенеді дегенге келтірді. Іздегенге сұраған. Өзімде осы сақалы салалы, балағы шолақ бауырларыма қоясам деген сұрақтар жанымды мазалап жүретін. Көкемнің аты Салих екен. Бұрын қазақша аты болған. Өзінің айтуы бойынша сақалдыларлың «браты» екен. Яғни насихаттаушысы. Сұрақтың асытынан алдым. Сұрақтарым мысалы мынадай: 1+2= қанша болады деп пәтуә бересіз, деймін. Сосын отырып, қайта айландырып 2+1=3 шығады деп жүр жұрт бұл шрик емес пе дедім. Көкем сұбһаналлах бұл харам дейді. Опшым сондай. Сосын отырып:

- Ал, енді соңғы бір сұрайын дегенім. Көптен мазалап жүрген сұрақ. Мысалы еврейлер жетпіс екіге, ислам діні жетпіс үш тармаққа бөлінеді дейді ғой пайғанбарымыз. Осылардың қайсысына жатасыз. Жалпы сіз секілді сақалды бауырларымыз кімнің мазхабында? Әлде Әбдіуахабтың жолы ма?,- дедім.

- Біз құран мен хадисті ұстанамыз. Мазхаб ұстанбаймыз. Құранда аят не дейді, хадистте пайғамбарымыз қалай істеген солай істейміз. Аһли сүнна жамағатпыз, иншаллаһ.

- Ал екеуінде де адам ақылына дөңес келетін тұстар боп қалса не істейсіз?

- Бәрібір құран мен хадиске жүгінемін. - Өз ақылыңзға салып көрмейсіз бе?

- Жоқ ақылға салу адастырады.

- Онда неге адамдарды «Ақыл иесі» деп атаған? - Ақыл иесі. Бірақ ақылға салуға болмайды. Ойлауға болмайды, ойды шайтан салады.

- Пайғанбарымыздың бір сөзі бар еді ғой: «егер ақылдарыңыз сенбесе біздікі емес» деген. Хакім Абай да айтады: «Ақыл сенбей сенбеңіз» дейді. Мысалы, қазір мына автобустың доңғалағы жарылып, кенет қисайды делік. Мен өлмеу үшін тұтқадан ұстап тырмысам. Атам қазақ ат сүрінгенше ақыл тап деген. Ал, сіз не істер едіңіз?

- Мен ештеңе істемеймін, аллаһ сақтайды.

- Демек оғанда ақыл жұмсамайсыз. Сіз сонда ақылыңызды мүлде пайдаланбайсыз ғой?

- Иа.

- Онда сіз ақылды керектенбесеңіз ақымақсыз ғой, иа?

- ...

Көкем үндемеді. Бедірейіп бетіме қарады. Салалап саусағымен сақалын тарады.

P.S. Мен арине бұл адамның жолы қате деуден аулақпын. Оның, менің жолымның дұрыс екені тек Аллаға ғана аян. Бірақ менің таң қалатыным Адам санасын дәл осылай станадарттап бір шаблонға қалай сыйғызған?! Біз бұдан қалай құтылымыз, ағайын?!

Бақытбек Қадырұлы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.