Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

С.Хасан: Араб мәдениетіне қарсы тұратын бір жол бар


Былай қарап тұрсаң, бізге басқадан бұрын Батыс мәдениеті қатты әсер етіп жатыр. Жалаңаштануы, имансыздануы бар, бәрі Батыстан келді. Дегенмен, Араб мәдениеті де аздап ықпалын тигізіп тұр. Паранжы жамылу, жалбыратып сақал жіберу, балақты қырқу деген секілді. Бұл Араб мәдениетінің күштілігі сондай, кезінде Иран мәдениетін жойып жібере жаздаған. Араб мәдениетіне қарсы тұратын бір жол бар.
Өркеннің бағанағы постында "Егер Троцкийді жеңгің келсе, оған басқа Троцкийді қарсы қою керек" дегеніндей, Араб мәдениетіне Түрік мәдениетін қарсы қоюымыз керек. Түрік мәдениетінің төрінде Мұхаммед əл-Бұхари, Əбу Мансұр ас-Самарқанди, Əбу Мансұр əл-Матуриди, Əбу Насыр əл-Фараби, Əбу Əли ибн Сина, Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани секілді ғалымдар мен ақындар тұрды. Жүніс Емре, Науаи, Физули, Сайхали, Дүрбек, Сараи, Харазми, Руми, Құтыб секілді шайырлар поэзияның шыңына шықты. Түрік поэзиясы неге дамыды? Себебі біздің шайырлар дінді өлеңмен насихаттады.
Міне, осылардың арқасында ХІІІ-ХV ғасырларда Орта Азияда Түрік мәдениеті гүлденді. Сөйтіп, Араб мәдениеті Түрік мәдениетіне тісін батыра алмай қалды. Мысырды (негізінде қазіргі барша араб әлемі ғой) үш ғасыр билеген біздің Бейбарыс, Қалауын, Барқұқ, Барысбай, Белбай, Қайтпай, Қансұқ, Тұманбай (бәрі де біздің Ұлы Даладан кеткен қыпшақтар) сұлтандар арабтарға Түрік мәдениетін сіңірді. Мәмлүктер шиғалық бағыттағы фатимидтер мектебін құлатты. Бауырлары алтынордалықтармен (бұлар да біздің бабалар) тығыс байланыс орнатты. Осылайша Мысыр мен Алтын Ордада ханафилік мектеп жолға қойылды. Мәмлүктер Қағбаны қызғыштай қорыды (Мекке, Медина ол кезде мәмлүктерге қарады), талай құрылыстар қалдырды (Сирияда, тіпті қазіргі Израиль жерінде солар салдырған ескерткіштер әлі бар). Бейбарыстың кезінде Мысырдың ресми тілі қыпшақ тілі болғанынын өзі неге тұрады? Сондықтан, бауырлар, Араб мәдениетіне (салафиясы, салтсыздандыруы, тағы басқасы бар) қарсы тұру үшін Түрік мәдениетін насихаттай беруіміз керек!

Серікбол Хасанның фейсбук парақшасынан алынды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.