Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Мешіт туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елордада орналасқан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті еліміздегі тарихы тереңде жатқан мешіттердің бірі. Ақмолалық жамағат 1943-1944 жылдары Құсайын деген азаматтың екі бөлмелі шағын үйін сатып алып, жөндеп мешіт еткен. Ол Ақмола өңіріндегі ең алғашқы мешіт болатын. Бұл мешіт жергілікті мұсылмандардың имандылыққа бет бұрып, өңірде Ислам дінінің қанат жаюы жолында жарты ғасырдан астам халық игіліне пайдаланылды.

Еліміз егемендік алып, сол кездегі Ақмола қаласы ел астанасы болғаннан кейін бұл өңірдің бет-бейнесінде адам айтса нанғысыз ғажайып өзгерістер болғаны белгілі. Сол өзгерістердің алғашқы легінде қаладағы ескі мешіт ауласында еңселі құлшылық ордасы бой көтерді.

Бүгінде ескі мешіттің орнында тұрған Алла үйінің құрылысы 1991 жылы басталып, 1996 жылы аяқталды. Ашылу салтына Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты. Сонымен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Елордамыздағы алғаш салынған мешіт ретінде тарих бетінде қалды. Жаңа мешіттің өзіндік архитектуралық әсемдігі мұсылмандарды өзіне тартып қана қоймай, Астана қаласындағы сәулет өнерінің озық үлгілерінің біріне айналды. Жаңа мешіттің бой көтеруі Ақмола өңіріндегі Ерементау, Ақкөл, Қорғалжын секілді бірнеше ауданда мешіттердің салынуына да оң ықпалын тигізді.

Алғашында Ақмола, кейінне Астана мұсылмандарының діни-рухани орталығы болып келген мешітке 2005 жылы Кеңес үкіметі тұсында 20 жыл (1952-1972) Қазақстан мұсылмандарының қазиы болған, Сарыарқа өңірінің тумасы, дін ғұламасы Садуақас қажы Ғылмани (Сәкен қалпе) аты берілді.

Екі қабатты мешіт құрылысы өзіндік сәулет үлгілерімен ерекшеленеді. Алыстан көз тартатын 42 метрлік мұнарасы мен үлкенді-кішілі 5 күмбезі бар. Ең үлкен күмбездің биіктігі 22,5, қалған төртеуінің биіктіктері 14,5 метр. Бірінші қабатта үлкен зал, вестибюль, Құран оқитын, неке қиятын және имам бөлмелері жайғасқан. Алла үйінің вестибюлінің ер-әйелдерге арналған екі баспалдақ арқылы екінші қабатқа көтерілуге болады. Бұдан басқа мешіт ғимараты ішінде кітапхана, сүндетке отырғызу кәбинеті, сондай-ақ мешіт қызметкерлеріне арналған шағын асхана жұмыс істейді.

Имандылық ордасының айналасына 4500 шаршы метр аумаққа тас кілем, 100 ш.м жерге еден плита төселіп, 1500 ш.м. көгалдандырылған. Мешіт ғимаратының 180 ш.метрлік алдыңғы беті ақ мәрмәр таспен қапталған. Мешіт ауласына жасыл шыршалар мен қайындар отырғызылып жасыл желекпен көмкелірген.

Намаз оқитын жамағаттың көбейуне байланысты жыл сайын мешітті кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, екінші қабатта орналасқан үлкен үш бөлмені қосып, 200 орындық намазхана, мешіт жертөлесінің бір бөлігі күрделі жөндеуден өткізіліп, 400 орындық намазхана жасалды. Қазір мешіт ішінде 1600 кісі емін-еркін намаз оқи алады. Мешіт жанынан жаңадан ер-әйелдер дәретханасы, қасапхана, дін қайреткері Сәдуақас қажы Ғылмани мұраларының көргізбе орталығы салынды.

Мешітте тұрақты түрде «Діни сауат ашу» курсы жұмыс істейді. Онда Құран, діни сенім, шариғат мәселелері бойынша сабақ оқытылады. Жастарға барлық жағдай жасалған. Орта және жоғары оқу орындарында оқушылармен, студенттермен кездесулер және әр түрлі семинарлар, қайырымдылық іс-шаралар өткізіліп тұрады.

2015 жылы ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, Бас имам Жұманазар Садырхановтың бастамасымен мешіттің үлкен залы, дәліздер, қасапхана, дәрет алу орындарына күрделі әрлеу, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мешіттің бес күмбезі дерліктей жаңартылып, бұрынғы көк күмбездер алтын түстес металмен қапталып, мешіт көркіне көрік қосылды.