Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Мәшһүр Жүсіп мешіті

Облыс халқы 2001 жылы үлкен қуанышқа бөленді. Өйткені сол жылы күзде облыс орталығы Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп атындағы облыстық орталық жаңа мешіт ашылды.

Облыс халқы  2001 жылы үлкен қуанышқа бөленді. Өйткені сол жылы күзде облыс орталығы Павлодар қаласында Мәшһүр Жүсіп атындағы облыстық орталық жаңа мешіт ашылды.

Имандылық үйінің алғашқы тасы 1999 жылдың 23 қазанында қаланды. Мешіт орналасқан алаң 6,2 гектар жерді қамтиды. Ол – қала орталығындағы М.Қайырбаев, Кутузов, Кривенко, Пахомов көшелерінің аралығында орын тепкен. Алаң алуан түрлі тоғай өсіріліп, көз тартарлықтай көгалдандырылған.

Мешіт аумағы – 48х48 метр. Сегіз қырлы  4 мұнарасы бар және олардың әрқайсысының биіктігі – 63 метрден тұрады. Мешіт күмбезінің биіктігі (айды қоса алғанда) – 54 метрді құрайды. Айдың ұзындығы – 1,20 метр. Мешіттің жалпы ауданы – 7240 шаршы метр.

Пайдалы ауданы – 5320 шаршы метр. Оның ішінде 2850 шаршы метр – тахникалық қабат, 2850 шаршы метрі – бірінші қабат, 1810 шаршы метрі – екінші қабат, 660 шаршы метрі – үшінші қабат, яғни балкон. Ғимараттың екі қабаты мен мұнаралары кірпіштен салынған, ал күмбезі металдан құрастырылып, алюкабондпен қапталған.

Ғимарат үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатында Құран оқу курсы шәкірттеріне арналған дәріс және демалыс, сүндетке отырғызу бөлмелері, 400 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері орналасқан. Сонымен қатар 500 орындық әйелдер бөлімі, оның ішінде дәрісхана, кітапхана, киім ілетін бөлмелер, дәретханалар, вестибюльдер бар.

4 күмбезге сай 4 қанаттағы сәнді баспалдақтар екінші қабатқа, одан кейін орталық есікке жетелейді.

Мешіттің екінші қабатында ер адамдар намаз оқитын 2000 орындық бөлме, балкон, Ислам дінінің және мешіт тарихының мұражайы, кітапхана, бейне залы, имам, наиб имам, мәжіліс, есеп-қисап, неке қию және сәбиге азан шақырып есім беру, Құран оқу бөлмелері мен гардероб, үлкен холл орналасқан.

Мешіттің үшінші қабаты айнала балкон. Одан екінші қабатты шынылы дәлізін, орталық есік және 3,5 тонна салмағы, 434 шамы бар люстраны тамашалауға болады.

Мешітте әртүрлі тақарыптарда уағыздар қазақ және орыс тілдерінде айтылып,  имандылыққа тәрбиелеу шаралары ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар қаланың мекеме, ұйым және кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Жыл сайын тұрмысы ауыр жанұялар мен мүгедек, жетім-жесірлерге материалдық әрі рухани көмек көрсетіледі.