Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Һибатулла Тарази атындағы мешіт

Көне Тараз қаласының көркіне айналғалы тұрған қазіргі жаңа зәулім орталық мешіт Бішкек пен Ташкент қалаларын жалғастырып жатқан облыс астанасын жарып өтетін ежелгі жібек жолының басына орналасқан.

Көне Тараз қаласының көркіне айналғалы тұрған қазіргі жаңа зәулім орталық мешіт Бішкек пен Ташкент қалаларын жалғастырып жатқан облыс астанасын жарып өтетін ежелгі жібек жолының басына орналасқан.

Мешіттің жалпы ауданы 2324,2 шаршы метр пайдалы көлемі әйелдер намаз оқитын бөлмені қосқанда 947,2 шаршы метр. Мешіт 1024 адамға арналған. Айт және жұма намаздарында мешіттің төменгі қабатын пайдалануға болады, онда 2000 адамға дейін намазға жығылуға мүмкіндік туады.

Мешіт қабырғасының биіктігі 16,7 метр, төменгі қабатының биіктігі 4,2 метр. Екібас мұнараның биіктігі 47 метрден.  Мешітте  жеті күмбез бар. Негізгі үлкен орталық күмбездің биіктігі 32,5 метр.

Мешіттің төменгі қабаты екі бір қалашық десе болғандай. Онда жылу жүйесі мен арнайы автоматты қондырғы бар. Қысқы киім шешетін орында орналасқан. Жоғарыда намаз оқитын үлкен залға бара-бар мұнда да зал бар.

Мешітке жалғастыра салынған екі қабатты медресе кешенінде Имам мен найб имамдар отыратын бөлмелер, мәжіліс залы, алқа мүшелері отыратын бөлме, құран оқитын бөлме, кітапхана, демалыс, неке қию, сүндетке отырғызу бөлмелері, асхана бар. Ерлер мен әйелдер дәретханалары да мешіт пен медресеге жалғас орналасқан. Мешіт құрылысы облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов мырзаның басшылығымен 2003 жылы маусым айында басталып, осы кездегі облыс әкімі Бөрібай Биқожаұлы Жексембин уақытында қала әкімі Ілияс Әлімұлы Тортаевтың қадағалауымен 2007 жылы 27 сәуір қасиетті жұма күні ҚР-ның президенті Н.Ә. Назарбаев және бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі шеих пен облысымыздың құрметті асақал ардагерлердің қатысуымен ашылды. Мешіт бұқара халықтың қаржы жинауымен салынған.

tarazz1

Мешіттің жоба бойынша толық көрінісі

 

tarazz2

Мемлекетіміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа мешіттің ашылуына қатысып, халыққа жылы лебізін  білдіру сәті.

 

tarazz3

Құрметті бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің тараздықтарды  мешіттің ашылуымен құттықтауы.

 

tarazz4

Тараз қаласының орталығы, Төле би көшесіндегі Һибатулла Тарази атындағы мешіт
2007 жыл 27-сәуір, қасиетті жұма