Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

«Ақмешіт-Сырдария» облыстық орталық мешіті

Қызылорда қаласының Жібек жолы көшесі мен Мостовая көшесінің қиылысында орналасқан. Бұл жеті күмбезді, сәулетті әсем мешіт 2008 жылы рамазан айының Айт мерекесі күні ашылған. Мешіт 2000 адамға арналған.

Қызылорда қаласының Жібек жолы көшесі мен Мостовая көшесінің қиылысында орналасқан. Бұл  жеті күмбезді, сәулетті әсем мешіт  2008 жылы рамазан айының  Айт мерекесі күні ашылған. Мешіт 2000 адамға арналған. Мешіттің салынуына Өтемұратовтар әулеті демеушілік жасаған. Мешіт жобасын  Алматылық «Күмбез»  ЖШС жасаған. Құрылыс жұмысын «Глобал Девелопмент» компаниясының тапсырысмен, бас мердігер жергілікті  Альянс  ЖШС жүргізген көркемдік безендіру жұмыстарын «ҚаПРОЛТД»  ЖШС-і мен жеке кәсіпкер М.Байбосынов  атқарған.

Мешіттің кең ауласы  көгалдандырылып, жамағаттың дем алып отыруына қолайлы  орындықтар қойылған, ауланың жүретін  аралықтарына  тас плиталар төселген. Мешіттің жалпы жер көлемі 5,257 га.

Мешіт ғимараты орталық күмбезінің биіктігі 25 метр, алдыңғы 2 мұнараларының биіктігі 37 метр, қалған 2 мұнарасының биіктігі 22 метр болып келеді.

Күмбездің басындағы айшықтары алтыннан құйылған. 6 қаусырмалы, 3 сыңар есік жүз жылдық қара ағаштан қашалған. Мешіттің сыртқы қабырғалары қою жасыл түсті  гранит  тастармен  көмкерілген. Намазжай залына Ираннан алдырған  жасыл түсті кілем  төселген және де  Қытайдан алдырған  360 шамы бар  әсем де үлкен  хрусталь  люстра орнатылған. Ішкі қабырғаларға Құран сүрелері мен аяттары өрнектеліп жазылған. Мешітте алты медресе сыныбы, төрт намаз оқитын орын, әйелдер мінажат ететін бөлек бөлмелер де қарастырылған. Сонымен қоса  60 адамға арналған салт-дәстүр бөлмесіде бар. Бұл бөлмеге 200 шамды үлкен хрусталь люстра орнатылған. Салт-дәстүр залында аты айтып тұрғандай неке қию, баланы сүндетке отырғызу рәсімдері  орындалады. Сондай-ақ 23 оқушыға арналған 6  сыныпта  оқушылар  діни білім алады. Сонымен қатар  300 адамға әйелдер намазжайы да қарастырылған. Бұл намазжай бөлек орналасқан. Соңғы үлгідегі жаңа технологиямен салынған  әрқайсысы 50-ден аса  адамға арналған ерлер мен  әйелдер дәретханасы салынған.

Мешітте 200 адмаға лайықталған  жамағаттың ата-бабаларына  Құран бағыштап ас беруге арналған  асханасыда қарастырылған.