Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

«Худайбие келісімі». Зайырлылықтың өзегі исламда

  • 138
  • 0
  • 16.03.17

Өткенде Сауд Арабиясында болған кезімде Мекке қаласынан 100 неше шақырым жерде Худайбие деген шағын ауылда арнайы болдық. Ол елді мекеннің өз тарихы бар. Ислам-зайырлы дін. Исламдағы зайырлылық қағидалары осы ауылдан бастау алады екен деп түсіндім.

Жол бастаушы, ислам тарихын жақсы білетін ұстаздың айтуынша бұл елді мекенде заманында Алла Елшісі, екі дүние сардары Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз Мекке мүшіріктерімен келсім жасасқан екен.

Оқиға желісі бойынша, Мадина қаласынан бірнеше жылдан кейін Меккені аңсап көруге мың қаралы сахабаларын ерте келген Алла Елшісін Меккеліктер қалаға кіргізбей осы ауылдан тосып алып, қайтарыпты. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) екі немесе үш апта Худайбиеде жатып, олармен келісім жасасыпты.

Келісім шарт талаптары сол кезде мұсылмандарға аса ауыр болғанымен, көп өтпей шамасы 1-2 жылда толықтай мұсылмандар үшін пайдалы болып шықса керек. Келісім шарт бейбітшілік үшін жасалған, өміршең құжат болып шығады. Со кезде пайғамбарымызды (с.ғ.с) жеңдік осы келісім арқылы деп ойлаған Мекке мүшріктері кейін келісім талаптарын өздері бұзыпты. Көп өтпей Мекке Исламның орталығына айналып шығады.

Бұны айтайын дегенім, ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) сол заманда-ақ исламға зайырлылықты сіңірген екен деп ойладым. Зайырлылықтың өзегі исламда. Қазір қоғамда дін мәселесін соның ішінде исламды дәріптейтін азаматтар міндетті түрде халыққа дін мен зайырлылықтың бір-бірімен тығыз байланыста екенін, тұрғылықты халықтың салты мен дәстүрін дәріптеу қажеттілігінің барлығы қоғамның дұрыс бағытта дамуына әсер беретінін айту қажет. «Мен дін жолындамын, басқасы харам» дейтін сөздерден аулақ болу қажет!

Мемлекеттің зайырлылығы ол саған қалаған дәстүрлі дінге кіруіңе бостандық береді, сол бостандықты қадірлейік, заң талаптарын бұлжытпай орындау, Елімізді, Елбасын құрметтеу имандылықтың нышаны деп ойлаймын!

Әскерхан Ақтай

ақын

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.