Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Жүрек дерттерінің бірі - рия (1)

  • 502
  • 0
  • 08.03.17

Әрбір момын-мұсылман адам аталған дерттен аса сақ болып жүруі тиіс. Рия (көз бояушылық) адамдар арасында рухани дәреже, шен, шекпен мен материалдық пайда үшін жасалатын жағымсыз әрекет болып саналады. Дүниелік пайда үшін дінді қолданып адамдар арасында көз бояушылық жасау ең жаман қасиеттердің бірі. Рияның ең жаманы Аллаға құлшылық ету барысында жасалған жалған(пасық іс) амал.

      Рия  дегеніміз- «көзбен көру», «назар салу»,  «адамдар көрсін», «білсін», «мақтасын»  деген мағыналарды білдіреді.(көз бояушылық)

Алла тағала «Ниса» сүресінің  38-ші аятында:

وَالَّذِينَ يُنفِقُونَ أَمْوَالَهُمْ رِئَاءَ النَّاسِ وَلَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَلَا بِالْيَوْمِ الْآخِرِ وَمَنْ يَكُنْ الشَّيْطَانُ لَهُ قَرِينًا فَسَاءَ قَرِينًا

«Олар сондай Аллаға, ахирет күніне сенбей малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жаман сыбайластық», - деген.

Бұл аяттарда Алла тағалың жақсы көрмейтін тәкаппар және мақтаншақ  адамдардың  кейбір сипаттары  жөнінде баян етілген. Олар, негізінде, сараңдық  жасап, мал-дүниені жақсылыққа жұмсаудан қашады. Ал малын

жұмсаған күнде де, аятта келгендей көрсету үшін, риякерлік мақсатында жұмсайды. «Малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды.»

 Демек, сараң болған кісілерді де Алла тағала жақтырмайды. Рияқоршының жұмсаған малын да Алла тағала жақтырмайды. Сондықтан, рияқорлардың мал-дүниесін жұмсаудағы көздеген мақсаттары Алла үшін, Алла тағаланың  разылығы үшін емес, адамдар көрсін, есітсін, әңгіме – сөз етіп мақтасын, деген мақсатта жұмсайды.

Рашид Алпысбаев
"Сәдуақас қажы Ғылмани" мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сондықтан, сізге сайтта тіркелуіңізді немесе құпиясөзді қолданып, кіруіңізді ұсынамыз.