Өз қалаңды таңда: X
Намаз уақыты:
  • Таң 05:25
  • Күн 06:54
  • Бесін 13:24
  • Екінті 17:45
  • Шам 19:45
  • Құптан 21:15
  • 29
  • наурыз

    сәрсенбі

  • 1
  • Раджаб

    1438

Хадис:

«Мұнафықтың белгісі үшеу;  Мұнафық кісі сөз сөйлесе жалған айтады, мұнафық кісі уәде етсе уәдесінде тұрмайды, мұнафық кісі өзіне тапсырылған аманатқа қиянат етеді».

Хадис:

«Мұнафықтың белгісі үшеу;  Мұнафық кісі сөз сөйлесе жалған айтады, мұнафық кісі уәде етсе уәдесінде тұрмайды, мұнафық кісі өзіне тапсырылған аманатқа қиянат етеді».

Жалған сөйлеу бұзықтық екендігі белгілі. Жалған сөйлеуіне кісілер көбірек  жас уақыттарында әдет етеді де, соңында осы үйреншікті болып қалған жалған сөздерінен ләззәт ала бастайды. Өтірік айтып дағдыланған кісі, мұсылман болғанымен де бұл қасиетін оңайлықпен тастауы екі талай. Сондықтан, өтірік айтпауды кішкентайынан бастап көкейіне кұйып, тәрбиелеу жолымен түзетуге болады. Жалған, өтірік айтуды рухани аурудың қайнар көзі етіп қоюдан сақтану керек. Өйткені, Алла тағала өтірік айтуды қатаң түрде тыя отырып, үлкен күнәлардың қатарына жатқызған.

Имам Мәлік риуаят еткен хадисте: Сафуан ибн Сулаим (р.а.) есімді сахабадан: «Ей, Алланың Расулы! Мүмин кісі қорқақ болады ма?» - деп сұралды. «Иә», -  болады деп жауап берді. «Ей, Алланың Расулы! Мүмин кісі сараң болады ма?» - деп сұралды. «Иә», - болады деп жауап берді. «Ей, Алланың Расулы! Мүмин кісі жалған сөйлейді ме?» - деп сұралды. «Жоқ», - деп жауап берді.

Хадистегі өз арамызда кездесіп тұратын амалдардың бірі «Уәде, борыш!» деген сөздегі  мақсат қайырлы ісімен уәде ету. Ал керісінше бұзықтық және шариғатымызда тыйым салып қайтарған ісімен уәде етіп, сол уәдесінде тұрмау мұнафық белгілерінің бірі болады.

«Мұнафық кім?» - деп сұраса: «Ислам дінінің бір есігінен кіріп, екінші бір есігінен шығып кетуші» - деп жауап берсе  дұрыс  жауап берілген болады.

Бұл хадисте зікір етілген белгілер мұнафықтың ең атақты белгілері, осылардан да басқа белгілері  болуы мүмкін.  

 Керісінше көрсетілген белгілерден сау таза болу-шын мұсылманның белгісі болады.Мұсылман адам-жаман ниетті болмауға және бұзық уәделерге опа етпеуге тиісті.Осы істерде үш белгі табылған кісілерді мұнафық – деп атайды.

Хадистің негізгі мақсаты аталған үш түрлі белгіден тазалану жайында пенделерді насихаттайды. Бұл хадистегі негізгі мақсат- әркім өз ақысына ғана пайдалануға тиісті.